Дата: 12 мая, 2020 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

2020 жылдың 11 мамыр күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақстаг Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №983 қаулысымен бекітілген «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 67 тармағын орындау мақсатында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде қашықтықтан «Отбасы құндылықтары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғы шарттарын айқындап берді. Демек, көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары. Біздің рухани құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр.
Семинар – тренинг – қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасын, ата-анасын, туыстарымен жақындарын бағалау, құрметтеу сезімдерін кеңейту, отбасындағы қарым-қатынастың беріктілігін нығайту және ұрпақтар сабақтастығын дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу мақсатында ұйымдастырылды.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/05/12/otbasy-%d2%9b%d2%b1ndyly%d2%9btary-ta%d2%9byrybynda-seminar-trening/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *