Дата: 08 мая, 2020 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

2020 жылдың 8 мамыр күні Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мейірімді жүрек» еріктілер клубы мүшелері арасында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ұлы жеңіске мың тағзым» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Байқау соғыста ерлік көрсетіп, елі үшін жан аямай шайқасқан ерлерді есте сақтауға, жастардың бойында патироттық сезімді нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Байқау әдеттегіден өзгерек өтті. Қатысушылар жай эссе жазып қоймай, Ұлы Отан соғысына қатысып, келешек ұрпаққа өнеге көрсеткен бабалар ерлігі туралы бейне материалдарын жолдады.
Байқау нәтижесі:
І орын — «Бастауыш білім беру» бөлімінің 1 курс студенті Жақан Құралай;
ІІ орын — «Бастауыш білім беру» бөлімінің 2 курс студенті Қайынды Айгерім;
ІІІ орын — «Мектепке дейінгі білім беру» бөлімінің 1 курс студенті Нұрланқызы Сымбат.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/05/08/%d2%b1ly-zhe%d2%a3iske-my%d2%a3-ta%d2%93zym-ta%d2%9byrybynda-esse-baj%d2%9bau/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *