Дата: 08 мая, 2020 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында Жамбыл облысының әкімінің орынбасары Н.С.Календеров және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің директоры А.Д.Биназаров Ұлы Отан соғысының ардагері Ережепбай Жетібаевпен кездесіп, сый-сияпат гүл шоқтарын ұсынып құттықтап қайтты.
Кездесу барысында 95 жасқа келген ардагер соғыс кезінде басынан кешкен оқиғаларымен соғыстан кейінгі өмірі туралы айтып берді.
Соғыста ауыр жарақат алған солдат туған еліне қайтқан соң кейінгі өрнекті өмір жолын ұстаздыққа арнаған. Бүгінгі күнде жолдасы Мәншүк апай екеуі үш перзентінен он екі немере, үш шөбере көрген ардақты ата-әже.
Ел ертеңі үшін жан аямай тер төгіп, ерлік көрсеткен батыр бабаларымызға мың алғыс!

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/05/08/%d2%b1ly-otan-so%d2%93ysyny%d2%a3-ardageri-erezhepbaj-zhetibaevpen-kezdesu/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *