Дата: 20 апреля, 2020 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

2020 жылы  «Talap» КЕАҚ Қазақстан Республикасының колледждерінің қызметін бағалау, қамтамасыз ету және қосымша сапасын арттыру, ынталандыру үшін 2018-2019  оқу жылына колледждер арасында онлайн-платформасында іріктеу жүргізді. Осыған орай Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі Kasipkor.kz сайтына барлық белгіленген 5 индикатор бойынша құжаттардың электрондық нұсқаларын жүктеді.

Рейтингке қатысу үшін 214 колледж оның ішінде 172 мемлекеттік және 42 мемлекеттік емес колледж өтінім берген. Саралау аумақтық және дайындық бағыттары бойынша жүргізілген (көп бейінді, техникалық, политехникалық, ауылшаруашылық, гуманитарлық-экономикалық, гуманитарлық, қызмет көрсету, педагогикалық, медициналық, өнер және мәдениет, жоғары).

Біздің колледжіміз гуманитарлық-экономикалық бағыты бойынша 70,8 пайыздық көрсеткішке жетіп І орынды иеленді. Жалпы Қазақстан Республикасының колледждерінің арасында алғашқы 20 колледждің арасына ендік.

 Құрметті колледж ұжымы еңбектеріңіздің жемісі құтты болсын!

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/04/20/%d2%9baza%d2%9bstan-respublikasyny%d2%a3-kolledzhderini%d2%a3-2018-2019-o%d2%9bu-zhylynda%d2%93y-rejtingisi/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *