Дата: 16 апреля, 2020 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

2020 жылдың 16 сәуір күні Абай атындағы Жамбыл жоғары гуманитарлық колледжінің „Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес“ орталығы «Еліміздегі радикалды діни топтардың пайда болу себептері» тақырыбында онлайн конференция ұйымдастырды. Конференция радикалды идеологияның пайда болуы мен оның қоғам үшін қауіптілігін және діни экстремизм мен лаңкестік проблемаларды шешу жолдарын қарастыра отырып, рухани құндылықтарды дәріптеу, діни сауаттылықтарды арттыру мақсатында өткізілді.
Конференция сарапшылары: Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Сатыбалдиева.
Конференция жұмысының негізігі бағыттары:
1. Радикалды идеологияның қоғам үшін қауіптілігі.
2. Қазақстандағы діни түсінік пен рухани негіздер.
3. Діни экстремизм мен лаңкестік проблемалары.
Конференция барысында он шақты баяндамалар оқылып, алғыс хатпен марапатталды.
Ерекше мазмұнды баяндама дайындағандар: А.Сабденбекова А-3-17 тобы, А.Бауыржан Б-1-17 тобы, С. Байғараева Дш-2-18 тобы. Аталған білімгерлер I, II, III- дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/04/16/elimizdegi-radikaldy-dini-toptardy%d2%a3-pajda-bolu-sebepteri-onlajn-konferencziya/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *