Дата: 11 апреля, 2020 Раздел: Без рубрики Комментарий: 0

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуіне байланысты 18.03.2020 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі онлайн тәрбие жұмыс бағытында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Publik Forum» қашықтықтан дебат (ағылшын тілінде) ұйымдастырды. Қашықтықтан дебат Абай шығармаларын ағылшын тілінде талдай отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту мақсатында ұйымдастырылды. Студенттер Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін ағылшын тілінде оқып, дебатқа түсті. Қорытындылай келе білімгерлер Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек еткен ғұлама ғалым екеніне сенімдерін күшейтті.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/04/11/publik-forum-%d2%9bashy%d2%9bty%d2%9btan-debat/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *