Дата: 11 апреля, 2020 Раздел: Без рубрики Комментарий: 0

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуіне байланысты 18.03.2020 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде онлайн тәрбие жұмысы бағытында «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды. Қашықтықтан эссе жазу байқауының мақсаты білімгерлердің өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру болды. Білімгерлер ұстаз болу мамандығының қаншалықты қиын, үлкен жауапкершілікті қажет ететін мамандық екенін нақты ойларымен жеткізді. Эссе жазудың барысында білімгерлер жан-жақты мұғалім туралы мағыналы, қанатты сөздерді қолданып, Әбу Насыр Әл- Фараби бабамыздың: «Ұстаз жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл Һәм шешен болуы керек»- дейтін қанатты сөзін тиек етіп, болашақ ұстаз маман иелері осындай білімді, жан-жақты, шындық пен әділдікті жақтаушы, болашақта саналы ұрпақ тәрбиелей алатындай керемет ұстаз боламыз — деген ойларын жеткізді.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/04/11/mamandy%d2%93ym-ma%d2%9btanyshym-ta%d2%9byrybynda-esse/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *