Дата: 11 апреля, 2020 Раздел: Без рубрики Комментарий: 0

Қазіргі уақытта біздің елімізбен қатар бүкіл әлемнің хәлі қиын. Короновирустың таралуы және ушығуы барлық адамзатты алаңдатты.
Осыған байланысты Президент Қ.К.Тоқаев еліміздің амандығы мен халқымыздың қауіпсіздігі үшін 16-наурыздан бастап 15-сәуірге дейін төтенше жағдай режимін енгізді. Біздің елімізде бұл аты шулы дертпен күресуге мүмкіндіктің болғаны және қиын қыстау кезеңде барлық Қазақстандықтардың бірге еңсеріп шығуға талпыныстарының болуы көңілге үміт сыйлайды.
Адамзаттың мінез-құлқы сыналар, осындай сәтте барлық азаматтар өз жауапкершілігін сезініп, ел келешегі үшін аянбай қызмет етулері керек. Әркім өз денсаулығына сақтықпен қарап, вирустың ары қарай өршімеуін қадағалау керек. Осы орайда Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жариялаған Үндеуінің де маңызын естен шығармағанымыз жөн. Себебі Елбасымыз Президент пен Үкімет тарапынан атқарылып отырған шұғыл шараларды қолдауға бүкіл халықты шақырып отыр. Қазақстан да бүкіл әлеммен бірге тарихта қалатын ауыр сынақты еңсеріп, дамудың жаңа кезеңіне аяқ басатындығына біз сенеміз.
Президент Қ.К.Тоқаевтың шешімімен көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылды, ірі сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарының жұмысы шектеледі, университеттер мен колледждер қашықтықтан оқыту жүйесіне ауыстырылды.
Елімізде қалыптасып отырған жағдайға байланысты Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі де онлайн оқыту жүйесіне көшті. Қашықтықтан оқыту – студенттер мен педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып, байланысқа түсетін оқыту түрі. Бүгінде колледж оқытушылары қашықтықтан оқу сабақтарын Zhambyltipo сайты, Zomm, Telegram, Whatsapp мессенджерлері арқылы өткізуде. Колледж әкімшілігі оқытушылармен, барлық студенттермен, олардың ата-аналарымен, тағы басқа қызметкерлерімен үнемі тығыз байланыста.
Біз үшін әрбір адамзат қымбат. Адамзаттың амандығы мен өмірінің қауіпсіздігі маңызды кезеңде барлығымыз бір жағадан мойын, бір жеңнен қол шығарып, Президент пен Үкімет тарапынан ұйымдастырылған барлық жұмыстарды орындайық. Бастысы халқымыздың амандығы мен есен-саулығы екенін ұмытпайық.
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Айдархан Дукенбаевич Биназаров.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/04/11/2466/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *