Дата: 11 апреля, 2020 Раздел: Без рубрики Комментарий: 0

Елімізде қалыптасып отырған жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы білім беру туралы хабарламасына байланысты Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі 16 наурыздан бастап студенттерді сабақты аталған жүйе түрімен оқытуға көшті.
Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту түрі болып табылатындықтан, колледж оқытушылары қашықтықтан оқу сабақтарын Zhambyltipo сайты, Zomm, Telegram, Whatsapp мессенджерлері арқылы өткізуде. Колледж әкімшілігі ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Облыстық білім басқармасының қашықтықтан оқыту технологиясы үшін қосымша платформалар туралы өткізген семинарына қатысып, толық ақпарат алуда. Сонымен қатар Zhambyltipo сайты арқылы білім беруді директордың орынбасарлары, бөлім меңгерушілері қадағалайды және мониторинг жүргізіп отырады.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/04/11/%d2%9bashy%d2%9bty%d2%9btan-o%d2%9bytu/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *