6.12.2018 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің қамқоршылық кеңес отырысы өткізілді. Отырыс барысында кеңестің барлық мүшелері жиналып, күн тәртібіндегі мәселелермен танысты. Күн тәртібінде қамқоршылық кеңестің құрамын қайта қарау, 2018-2019 оқу жылдарына арналған қамқоршылық кеңестің жоспарын бекіту,кеңес мүшелерін сайлау, колледжді бітірген білімгерлердің жұмысқа орналасуы мен колледждің оқу, материалдық , ақпараттық , қаржылық базасын нығайту мен жетілдіру жолдарында атқарылған жұмыстар көтерілді.

19.12.2019 ж. күні Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде қамқоршылық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа кеңес төрағасы Тараз қаласы «Тараз-Ғасыр»  колледжінің директоры Мадимаров Ғ.Ж және мүшелері  Жамбыл облысы мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі Б.Джунисов, Жамбыл облысы білім саласындағы бақылау департаментінің маманы Ж.Әтенов, «Каз Сушар »  РМК Жамбыл филиалы  Байзақ өндірістік бөлімшесінің есепшісі Аблаева Ш,  ата-ана А.Керимкулова қатысты. Кеңес отырысы барысында колледждің оқу, материалдық, ақпараттық, қаржылық базасын нығайту жолдарында атқарылған атқарылған жұмыстардың есебі беріліп, ыстық тамақтың берілуін ұйымдастыру және бақылау мәселесі көтерілді. Отырыс соңында қамқоршылық кеңестің мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кері байланыс орнатты.

19.06.2019 ж. Абай  атындағы  Жамбыл  гуманитарлық  колледжінде қамқоршылық кеңесінің  қорытынды отырысы өтті. Қамқоршылық кеңестің отырысына Тараз қаласы «Тараз-Ғасыр»  колледжінің директоры Мадимаров Ғ.Ж, «Жамбыл — Тараз » газетінің бас редакторы Э.И.Мырзағали , «Каз Сушар »  РМК Жамбыл филиалы Байзақ өндірістік бөлімшесінің есепшісі Аблаева Ш,  Жамбыл облысы мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі Б.Е.Джунисов қатысты. Отырыс барысында 2018-2019 жылында жүргізілген жұмыстардың есебі беріліп, жаңа 2019-2020 оқу жылының жоспары талқыланып, бекітілді

24 маусым 2020 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде қамқоршылық кеңес отырысы  онлайн форматта өткізілді. Отырыс барысында  күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, жыл қорытындыланды. Кеңес отырысы соңында қамқоршылық кеңес мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кері байланыс орнатты.

4 қараша 2020 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде қамқоршылық кеңес отырысы өткізілді. Кеңес отырысында күн тәртібіндегі мәселелер көтеріліп, колледж қызметкерлері өз есебін берді. Отырыс барысында кеңес төрағасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында Жамбыл облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен жұмысын бастаған «Мейірім» жобасы аясында Мукажадинова Асем мен Меддетқызы Еңлікке тұрғын үй құрылыс жинақтары салымын ашу жайлы ұсыныс жасады. Қамқоршылық кеңес мүшелері бұл қайырымдылық жобаға қолдау көрсетіп, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на колледждің шаруашылық есебінен 500000 теңге соманы аудару жайлы шешім шығарды.