Тақырыбы: Білім беру мазмұнын жаңарту аясында шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған кәсіби құзіреттілік тәсілді іске асыру

Мақсаты:   Білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде оқу-әдістемелік, ғылыми- шығармашылық, кәсіби біліктік жұмыстарының деңгейін көтеру, мамандар      даярлаудың сапасын арттыруда ақпараттық- инновациялық технологияларды тиімді  пайдалану жолдарын зерделеу.                              

Міндеттері: Оқытушылардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру ; Сабақтардың өтілуінің жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету; Жаңа ақпараттық технологияларды ендіру негізінде оқу     сабақтарыныңың өтілу сапасын жоғарылату ; Оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияларды іздеу       бойынша  педагогикалық эксперименттерін жалғастыру ; Шығармашыл мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін анықтау, жинақтау және тарату. Білім беру процесінің жаңа әдістемелік жасақтауын талдау, озат  педагогикалық тәжірибені, оқытудың жаңа формаларын, әдістерін ендіру;              Жас мамандарды кәсіби шыңдау ; Барлық құжаттарды жүргізу сапасын жоғарылату бойынша жұмысты ұйымдастыру және өткізу ;         Оқу, ғылыми-әдістемелік және дидактикалық материалды жасау .

Әдістемелік басқару  қызметінің бағыттары:

1) Ұйымдастырушылық-әдістемелік қызмет:

  • педагогикалық ұжымның кәсіби дайындығын дамыту және жетілдіру;
  • әрбір педагогтің қабілеттерін, қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін ашу;
  • оңтайлы жағдайларды қалыптастыруда үздіксіз өзара іс-әрекетті жүзеге  асыру

2) Ғылыми-әдістемелік қызмет:

  • білім беру процесін ұйымдастыру;
  • психологиялық-педагогикалық ғылымның жетістіктерін зерделеу;
  • ғылыми-практикалық тәжірибе негізінде педагогтердің кәсіби деңгейін  арттыру .

3) Инновациялық-әдістемелік қызмет:

  • білім беру процесінде басқару технологияларын практикаға енгізу;
  • педагогикалық қызметте инновациялық жобаларды әзірлеу;
  • әдістемелік қызметті жаңаша ұйымдастыру .