Биназаров Айдархан Дүкенбайұлы —1963 жыл 28 ақпанда Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Ақжар ауылында  шаруа   отбасында дүниеге келген.

1986ж Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Физика» факультетін  бітіргеннен кейін  педагогикалық еңбек  жолын  Абай  атындағы Жамбыл педагогикалық училищесінің  физика, информатика пәнінің  оқытушылығынан   бастады.

Оқытушы жұмысын атқара отырып «Математика және физика» кафедрасының меңгерушісі, «Мектепке дейінгі және мектеп»  бөлімінің меңгерушісі, сырттай бөлімінің меңгерушісі,  директордың  оқу-ісі жөніндегі орынбасары  жұмыстарын атқарды. Қазіргі таңда   Абай  атындағы  Жамбыл  гуманитарлық колледжінің   директоры  қызметін атқарып келеді.

Заманауи  талапқа  сай  ұжым оқытушыларының да,  білімгерлердің де ой-өрісін дамытуға,  қоғамдық  көзқарасын  қалыптастыруды жетілдіруге  бағытталған  жүйелі  жұмыстар жүргізуде аянбай еңбек етіп келеді.  Педагог  мамандарды  даярлау  барысында  колледждің материалдық базасын нығайту мен қатар жаңа технологияларды оқу үрдісіне  жүйелі  еңгізуді  жолға қойды.

2013,2014 жылдары Ресей, Йошкар-Ола қаласында  өткен «Психологическое сопровождение образования: Теория и практика»  IV,V Халықаралық ғылыми — практикалық  конференцияларда   «Психологическое консультирование педагогов»,   «Обучение психологии: проблемы содержания психологического образования» тақырыбында және 2015 жылы Архангельск қаласында өткен  ІІ  Халықаралық  ғылыми — практикалық  конференцияда «Опыт, проблемы и перспективы реализации современных педагогических технологии в системе образования» тақырыбында жазған  жұмыстары   конференция  материалдарының   жинағына  енгізілді.

Шеберлігі  жоғары құрметті  ұстаз,  ұйымдастырушылық    қабілеті мол,  шығармашылықпен жұмыс  жасайтын   жаңашыл  басшы  ретінде жүйелі де, сапалы  жұмыстар  жүргізуде  кәсіби еңбегі бағаланып      Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» медалімен,  Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы  Білім және ғылым  қызметкерлерінің  кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің,    Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының,   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  «Республикалық техникалық  және кәсіптік білім  беруді дамытудың және  біліктілік берудің ғылыми — әдістемелік орталығының»,    «НҰР ОТАН» партиясының  Құрмет  грамоталырымен,  Дубай қаласы   «Art  HOLLIDAYS»  ІІ  Халықаралық фестивалінің  Алғыс хатымен,     «Бейбітшілік әлемі» (Планета мира-World of Peace) Халықаралық  Қазақ   шығармашылық         Бірлестігінің  «Жыл адамы» Дипломымен  марапатталды.

Задать вопрос директору колледжа

Список заданных вопросов
Фильтр:ВсеОткрытРешеноЗакрытЖдет ответа
ОтвеченоЖанар спросил 10 месяцев назад
107 просм.1 ответ.0 голос.
ОтвеченоАйнур спросил 10 месяцев назад
71 просм.1 ответ.0 голос.