Новости колледжа

Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.
9-мамыр мерекесі әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал сіздердің өздеріңіз, құрметті ардагерлер, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала бересіздер. Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы келісіммен бейбіт өмір сүруде. Сіздердің ерен ерліктеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін , құрметті ардагерлер, сіздердің алдарыңызда бас иеміз.

Leave a Comment

Your email address will not be published.