Новости колледжа

«Қарттар күніне» орай Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледж әкімшілігі мен оқытушылары, білімгерлері қаламыздағы №2 қарттар мен мүгедектер үйіне арнайы барып,«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында концерттік бағдарлама қойды. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ергендерге ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялататын қарттардың орны ерекше. Әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып, оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қариясы жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін мерексімен құттықтау-біздің азаматтық борышымыз. Бұл дәстүрді колледж білімгерлері алдағы жылдарда да жалғастыратын болады.

Leave a Comment

Your email address will not be published.