Новости колледжа

6.12.2018 ж күні Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде қамқоршылық кеңесінің отырысы болып өтті. Қамқоршылық кеңес отырысында кеңес мүшелері қайта сайланып,
2018-2019 жылға арналған қамқоршылық кеңес жоспары бекітілді. Отырыс барысында, колледж директоры колледжді бітірген студенттердің жұмысқа орналасуы, колледждің ақпараттық, материалдық, техникалық базасын жетілдіру мәселелері бойынша өз есебін берді. Сонымен қатар колледж инспекторы, психологы және әлеуметтік педагогы осы жылда жүргізген жұмыстарының есебін өткізді. Баяндамашылардың жасаған баяндамалары тыңдалып, шешім шығарылды.

Leave a Comment

Your email address will not be published.